PLASTEX QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЛИМЕР ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН БІРІКТІРЕДІ
2026 ЖЫЛҒЫ 21–23 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПЛАСТМАССАЛАР ЖӘНЕ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PLASTEX QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Көрме өндірістік сектор, мемлекеттік құрылымдар, салалық бірлестіктер және сарапшылар қауымдастығы өкілдерін біріктіріп, заманауи шешімдерді таныстыруға, іскерлік байланыстарды дамытуға және Қазақстанның полимер және химия өнеркәсібінің даму перспективаларын талқылауға арналған кәсіби алаңға айналады.
2026 жылы көрмеге 5 елдің — Иран, Қазақстан, Қытай, Ресей және Өзбекстанның компаниялары қатысады. Алғаш рет қатысушылар қатарында — SILLENNO, ADITIM, KRONA және ЕМЕН УРАЛЬСК.
Экспозиция полимерлерді өндіру және қайта өңдеуге байланысты негізгі бағыттарды қамтиды. Қатысушылар химиялық және полимерлік шикізатты, полиэтилен, полипропилен, полистирол, каучуктер, поликарбонат, ПЭТ және АБС-пластик, мастербатчтар, суперконцентраттар, толтырғыштар мен технологиялық қоспаларды, антистатикалық жабдықтарды, сондай-ақ құбырлар, көпқабатты және термоусадкалы үлдірлер өндіруге және қысыммен құюға арналған шешімдерді ұсынады.
Plastex Qazaqstan 2026 көрмесінің маңызды бөлігін ішкі өндірісті дамыту және терең өңдеуді кеңейту мәселелеріне бағытталған іскерлік бағдарлама құрайды. 21 қазанда оның жұмысы «Қазақстанның полимер индустриясы: мұнай-газ химиясы өндірістерін іске қосудан қайта өңдеу деңгейі жоғары өнім шығаруға дейін» атты кеңейтілген пленарлық отырыспен басталады. Талқылаудың негізгі тақырыптары — қайта өңдеушілерді шикізатпен қамтамасыз ету, инвестицияларды ынталандыру, мемлекеттік қолдау, қазақстандық өнімге тұрақты сұранысты қалыптастыру, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және терең қайта өңдеудің перспективалы сегменттерін дамыту.
Пленарлық талқылауға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KMG PetroChem, Kazakhstan Petrochemical Industries Inc., СИБУР Холдинг, Polymer Market және KAZХИМИЯ өкілдері қатысады. Отырыстан кейін қорытындыларды шығаратын форсайт-блок, ал сағат 12:30-да көрменің ресми ашылу салтанаты және экспозиция бойынша шолу VIP-тур өтеді.
Бірінші күннің жалғасы ретінде «Полимерлік шешімдер арқылы ТКШ-ны жаңғырту: құбыр өнімдерін өндіруді дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды жергіліктендіру» және «Нарықты қорғау және жергілікті өңдеуді дамыту: дайын өнім импортына қойылатын кедергілер» тақырыптарында сессиялар өтеді. Сарапшылар құрылыс және ТКШ салаларында отандық полимер өнімдерін қолдану аясын кеңейту перспективаларын, кепілдендірілген сұраныс пен оффтейк-келісімшарттар тетіктерін, техникалық реттеу мәселелерін, дайын бұйымдар импортын және өндірісті одан әрі жергіліктендірудің экономикалық әсерін қарастырады.
22 қазанда бағдарлама «Полимерлерден автокомпоненттер өндіруді жергіліктендіру: жаңа материалдар, технологиялар және жеткізу тізбектері», «Денсаулық сақтау саласына арналған полимерлер: Қазақстанда медициналық бұйымдар өндірісін дамыту» және «Қазақстандағы пластмассаны қайта өңдеу экономикасы» тақырыптарындағы сессиялармен жалғасады. Осылайша, екінші күннің күн тәртібі автокомпоненттерді жергіліктендіру және оларды Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына экспорттау перспективаларын, медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту, медициналық полимерлердің сапасы мен сертификатталуына қатысты мәселелерді, сондай-ақ қайталама шикізатты жинау және дайындаудың экономикалық тұрғыдан тұрақты жүйесін қалыптастыру мәселелерін қамтиды.
Мамандандырылған экспозиция мен өзекті салалық күн тәртібін біріктіре отырып, Plastex Qazaqstan 2026 мемлекет пен бизнес арасында кәсіби диалог орнатуға, жаңа іскерлік байланыстар қалыптастыруға және Қазақстанның полимер және химия өнеркәсібін одан әрі дамытудың практикалық тетіктерін талқылауға жағдай жасайды.
Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, PGCA Мұнай-газ-химия қауымдастығының, «KAZХИМИЯ» ЗТБ, Қазақстанның Мұнай-газ кеңесі PetroCouncil, Polymer Market, сондай-ақ PLASTICS INDUSTRY, LOOKING PLAS және POLYMER BAZAAR халықаралық салалық қауымдастықтарының ресми қолдауымен өтеді.
Көрмені қазақстандық көрме компаниясы Iteca халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.


