KPI - PLASTEX QAZAQSTAN КӨРМЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІ
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) компаниясы Алматыда 2026 жылғы 21–23 қазанда, «Атакент» КІБК, №9 павильонда өтетін пластмассалар, полимерлер және химия өнеркәсібіне арналған халықаралық Plastex Qazaqstan 2026 көрмесінің стратегиялық серіктесі болып табылады.

KPI — Атырау облысында Қазақстандағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін құру жобасының операторы. Компания полипропилен өндіреді және Қазақстанның отандық полимер өнеркәсібін дамытуға қатысатын негізгі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 500 мың тоннаға дейін полипропиленді құрайды.
Бүгінде KPI полипропилені қазақстандық кәсіпорындар тарапынан қаптама және тоқыма өнімдерінен бастап құрылыс материалдарына, медициналық бұйымдарға және агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне дейінгі түрлі бағыттарда қайта өңдеу үшін пайдаланылады. Компания отандық қайта өңдеушілермен ынтымақтастықты дамытып, полимерлік шикізатты ел ішінде қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуде.

KPI компаниясының Plastex Qazaqstan 2026 көрмесімен серіктестігі көрменің Қазақстанның полимер өнеркәсібін дамытуға арналған кәсіби алаң ретіндегі маңыздылығын көрсетеді. Іс-шара аясында шикізат өндірушілері, қайта өңдеушілер, жабдықтар мен технологиялар жеткізушілері бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасып, саланың өзекті мәселелерін талқылап, жаңа іскерлік байланыстар орната алады.
Көрме аясында KPI B2B Zone арнайы іскерлік кездесулер алаңы жұмыс істейді. Мұнда нарық қатысушылары, өндірушілер, технология жеткізушілері және өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері келіссөздер жүргізіп, жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылай алады.
Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне Қазақстаннан және басқа елдерден компаниялар мен сала мамандары қатысып, полимерлерді өндіру және қайта өңдеуге арналған шешімдерді ұсынады. Көрме саланың дамуы, өндірісті жергіліктендіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша кәсіби диалог алаңына айналады.
KPI туралы толық ақпарат: https://kpi.kz/kz/
- -де жасалған


