SILLENO - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛИЭТИЛЕН ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ АУҚЫМДЫ ЖОБА

«Силлено» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасының операторы. Жоба Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының «Қарабатан» өнеркәсіптік аймағында жүзеге асырылуда.
Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салудың негізгі мақсаты — импортқа тәуелділікті азайту және жергілікті өндірісті дамыту. Бұл экономикалық өсімге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өндіріс көлемі әлемдік полиэтилен өндірісінің шамамен 1%-ын құрайды. Ауқымы мен технологиялық жабдықталуы бойынша жаңа зауыт әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болады.
Өндірістік қуаты: жылына 1 250 мың тонна полиэтилен.
Шикізат: жылына шамамен 1,6 млн тонна этан.
Пайдалануға беру: 2029 жыл.
Жұмыс орындары: құрылыс кезеңінде шамамен 15 000 уақытша жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 1 000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің батыс өңірінде мұнай-газ химиясы өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Ол Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ауқымды жобасына айналады.
Өндірілетін өнім түрлеріне полиэтиленнің 15-тен 24-ке дейінгі маркасы кіреді. Олардың қатарында тығыздығы жоғары полиэтилен (HDPE) және тығыздығы төмен сызықтық полиэтилен (LLDPE) бар. Өнімнің 40%-ы премиум сегментіне жатады.
Толығырақ компанияның сайтында: silleno.kz
Әлеуметтік желілерде:
• Instagram: https://www.instagram.com/silleno_llp?igsh=MWljaWN4eGF2amFhZA%3D%3D&utm_source=qr
• Telegram: https://t.me/silleno_llp
• Facebook: https://www.facebook.com/share/14oU2huNVU/?mibextid=wwXIfr
• YouTube: Silleno - YouTube
• LinkedIn: https://kz.linkedin.com/company/silleno
- -де жасалған


